Павел Васильев

Павел Васильевтің музей-үйі



Орыстың көрнекті ақыны Павел Николаевич Васильевтің посткеңестік кеңістіктегі жалғыз мұражайы Павлодар қаласында, Чернышевский көшесі 121 мекен-жайында орналасқан.

П.Васильев – сол уақыттағы адамдардың тағдырына ұқсас тағдыры қайғылы болған ақын. Оның туындылары 20 ғасырдың орыс кеңестік әдебиетінің қазынасына кірді, еуропалық және азиялық – екі мәдениетті, қазақ және орыс – екі халықты біріктірді.

Ақынның тағдыры қиын болды, оған 27 жыл өмір сүруді және қатерлі 1937 жылы күші мен дарыны кемелденген кезінде қаза табуды жазыпты. Ақынның шығармашылық мұрасына ұзақ жылдар бойы тыйым салынып отырған, ол тек 1957 жылы құқығын қалпына келтірілген, осыдан кейін бірден оның туындыларының қайтыс болғаннан кейінгі алғашқы жинағы шықты. П. Васильевтің ақындық мұрасы 200 астам өлеңдерді және 14 поэманы құрайды.

Ақын П. Васильевтің мұражай қорығы 1994 жылы ашылған, осы мұражайдың ашылуы өз тарихына ие.

1987 жылы Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында әдеби бөлім ашылған, оның нәтижесінде бөлім негізінде әдебиет пен өнердің жаңа мұражайы ашылды. Ынтагер-васильевтанушылардың, Е. А. Вялованың бастамасы мен өтініші бойынша, 1990 жылдың желтоқсан айында әдебиет бөлімі ақынның үйінде орналасқан. Дегенмен, 1866 жылы салынған үй апаттық жағдайда болған, осы себептен ғимаратты қайта қалпына келтіру жайындағы шешім қабылданды. Қайта қалпына келтіру жұмыстары бірнеше жылға созылған.

1994 жылы 23 желтоқсанда П. Васильевтің мұражай үйі салтанатты түрде ашылды, оның ашылуы ақынның 85 жылдығына орайластырылған. Мұражай ауласында ақынның мүсіні орнатылған, оны мүсінші Е. Мергенов және сәулетші К. Монтақаев жасап шығарған.

Салыстырмалы шағын территориясында (мұражай ауданы 55,7 шаршы метрді құрайды) бір экспозициялық залда мұражай қызметкерлері ақынның тұрмысты жағдайын жаңадан жасап, келушілерді оның шығармашылығымен таныстырып, 2000-нан астам экспонатты жайлы орналастыра алды. Мұражай үйінің қызметкерлері шет аймақтық Павлодарда XX ғасырдың 20-шы жылдардағы жағдайға сәйкес келетін ішкі көріністі жаңадан жасау бойынша елеулі еңбек атқарған, елдегі васильевтанушылармен байланыс орнатқан, мұражай қорын толықтырып отырған.

Ақынның шын өмірбаянын және оның әдеби мұрасын қалпына келтіру үшін уақыт пен көптеген адамдардың жігері қажет болған. Бүгінгі күнде, мұражай үйде ақын жайындағы бүкіл материал жиналған. Келушілер Васильевтер отбасының жәдігерлерімен таныса алады, олардың арасында кітаптар, жазба материалдар, қағазды кесетін пышақ, күлсалғыш, ақынның анасы Глафира Матвеевнаның қобдишасы, П. Васильевтің қолтаңбасы бар көзі тірісіндегі басылымдары, фотосуреттер. Сақталып қалған және табылып жатқан заттар аса құнды болып табылады.

Мұражай үйді Павлодар тұрғындары сүйіспеншілікпен атағандай, «Васильев қорығында» ақын өнеріне құмар адамдар үшін әдеби-музыкалық кештер, атақты әдебиетшілермен кездесулер, белгілі және жас ақындармен Павел Васильев атындағы әдеби бірлестіктің отырысы өткізіліп жатады.

Қазіргі кезде П. Васильев атындағы мұражай үйі П. Васильевтің өмірі мен шығармашылығын зерттеу мәселелері бойынша әдістемелік орталығы болып аталды. Материалдарды зерттеу мақсатында осы жерге Қазақстанның түрлі облыстары мен Ресейден шыққан васильевтанушылар жиі келіп тұрады.

Мұражай үйіне ол жұмыс істеген күннен бері АҚШ, Франция, Германия, Польша, Қытай, Белорусиядан шетел қонақтарының делегациялары келген. П. Васильевтің есімі, оның шығармашылығы ТМД елдерінде белгілі болып, сонымен қатар украин, белорус, поляк, болгар, неміс және т.б.тілдерге аударылған.

Мұражай үйі П. Васильевтің шығармашылығын қастерлеушілер мен бағалаушылар және қаланың мәдени өмірінің тарихына қызығатын барлық келушілер үшін әрдайым ашық.